Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қазіргі мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлері
20.02.2011, 11:40
Қазіргі мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлері [17 бет]
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.
Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары түр- пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:
- оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;
- оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;
- өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.
Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастырамыз:
- жалпы түр-пішін;
- нақты түр-пішін.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі.
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты түр-пішіндерінің бір-бірінен айырмашылығы оқушылардың алатын білім көздеріне байланысты анықталады. Мысалы, сабақта негізгібілім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, оқу конференциясында қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде үйде өз беттерімен дайындаған қоушылардың баяндамалары болып табылады.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1422 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.4/8
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]