Қазiргi дүние жүзiнiң этникалық мiнездемесi - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қазiргi дүние жүзiнiң этникалық мiнездемесi
06.03.2011, 16:18
Қазiргi дүние жүзiнiң этникалық мiнездемесi [12 бет]

Дүние жүзi халықтары тiлiнiң жалпы санын лингвистер 4-5 мың деп анықтады. Дүние жүзi кең байтақ региондарының кейбiреулерiнiң (оңтүстiк Америка, Австралия, Жаңа Гвинея т.б.) аз зерттелуiне және әр түрлi тiлдер аралығындағы айырмашылықтар мен бiр тiлдiң диалектiлiгiнiң әртүрлiлiгiне байланысты толық зерттелмеген .Әр халық бiр тiлде сөйлейдi, кейде тiл iшiндегi диалектi-айырмашылығы үлкен болып, халықтың әр топтарының аралығындағы сөйлесу әдеби тiлдi бiлмегендер үшiн мүмкiн емес. Бiрақ мұндай кезде екi тiл-билингвизм-кең таралады. Мысалы, францияның шығысында тұратын-эльзастар екi тiлдi (немiс және француз тiлi), Бельгия мен Швейцария сияқты көп ұлтты мемлекеттер халқының көп бөлiгi-екi тiлдi және үш тiлдi. Екi тiлдiң қосарланып жүруi – көп ұлтты мемлекеттердегi жиi жағдай, мұнда – ұлттық аздықтардағы халықтар - өздерiнiң ана тiлiнен басқа саны жағынан көп және басшылық ететiн ұлттық тiлiн пайдаланады. Екi тiлдi тұрғындар – жас мемлекеттерде –Азия және Африка елдерiнде қалыптасады. Мұнда жергiлiктi тiлмен қоса ресми-мемлекеттiк тiлдер кең өрiс алады. Мысалы, Үндiстанда-хинди, Пакистанда-урду, Индонезияда-бахаса инденисиа немеесе индонезиялық, Филиппинде пилипино немесе тагалог, ал Африканың кей елдерiнде –ағылшын және француз тiлдерi.
Кей жағдайда – бiрнеше халық бiр тiлде сөйлейдi. Мысалы, ағылшын тiлiнде және оның жергiлiктi нұсқауларында ағылшындықтар, ағылшын австралиялықтар, ағылшын жаңа зеландықтар, ағылшын канадалықтар, АҚШ американдықтарды, Кариб бассейнi елдерiнiң көп халықтары және тағы басқа этностар. Испан тiлi – испандықтар үшiн ғана ана тiл емес, сонымен қатар Латын Америка халықтарының көп бөлiгi үшiн ана тiлi болып табылады
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 301 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]