Қазақ тілі - мемлекеттік тілі - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қазақ тілі - мемлекеттік тілі
03.03.2011, 12:47
Қазақ тілі - мемлекеттік тілі [9 бет]

Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өз тілдерін сақтауына, дамытуына жасалып жатқан қамқорлық баршылық, бұл – жақсы. Менің қанағаттанбаушылығым қазақ тіліне, мемлекеттік тілге байланысты. Жалпы, біздегі тіл мәселесі дегенде, әңгіме тек қазақ тілі туралы болуы керек қой.
Тілші ғалымдардың айтуына қарағанда, жыл сайын дүние жүзінде шамамен 25 тіл жойылады екен. Әрине, қазақ тіліне ондай қауіп әзірге төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бір миллион адам сөйлейтін тіл өлмейді дейтін тағы бір пікір бар. Бірақ, солай екен деп қол қусырып немесе көпірме сөзді малданып отыра беруге болмайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту тұрғысында айтсақ, бұл жерде алдымен намыс жетпейді, жеті атасынан бері қазақ болып келе жатқандардың, Қазақстанды мекен етушілердің қазақша білмеуі – сол намыссыздықтан. Ал мемлекетке қызмет ететін, қызмет етуге тиіс қызметкерлер мен шенеуніктердің сол мемлекеттің тілін білмеуі – ниеттің жоқтығынан. Президент “Ана тілі” газетінде айтты ғой, мына әкімқаралар мен министрлер сол айтылғандарды асыра орындамаса да, жетеғабыл етсінші. Жетіп жатыр. Бірақ соған ниет жоқ. Ең бастысы, көзқарасты өзгерту қажет: намысты оятып, ниетті түзеу керек.
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
— “Тілдер туралы” 1989, 1997 жылдарда қабылданған заңдар және 2001-2010 жылдарға арналған Тілдерді дамыту жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы, жалпы алғанда, қанағаттанарлық емес. Бұл екі заңның екеуінде де мемлекеттік тілдің қазақ тілі екені көрсетілгенімен, іс жүзінде баяғы отарлық жылдардағыдай, қазақ тілі әлі де қалтарыста қалып, орыс тілінің айдарынан жел есіп тұр. Орыс тілі тәуелсіз Қазақстанның негізгі мемлекеттік тілі рөлін әлі де атқарып келеді. Бұл деген сөз – Қазақстан мемлекетінің тарихи иесі қазақ ұлты рухани тәуелсіздікке тәуелсіздіктің 15-ші жылында да толық ие бола алмай отыр деген сөз. Әрине, бұл – талай қазақтың екінші ана тіліне айналып кеткен орыс тілін шеттетейік, одан бас тартайық деген сөз емес. Орыс тілі посткеңестік кеңістікте, оның ішінде де Қазақстан тәрізді Ресеймен мәңгі дос елде ешқашан қағажу көрмек емес. Өйткені, бұл тіл – посткеңестік кеңістікте ауадай қажеттілікке айналған тіл. Сондықтан менің кейбір саясаткер орыс отандастарымның Қазақстан түстігінде орыс тілі құрып бара жатыр деген байбаламы тапсырыстан туған негізсіз, орынсыз байбалам.
Жасыратыны жоқ, тіл туралы заңдарымыздың жалтақ болуы, оның орындалуының одан да жалтақ болуы республикадағы қазақтан кейінгі көпшілік орыс тілді ағайынның көңіліне қараудан туған құбылыс еді. Мүмкін 90-шы жылдар ортасында ондай саясат та қажет болған шығар. Бірақ бүгінде бір нәрсе пісіп-жетілді. Қазақстан жері мен мемлекетінің тарихи иесі, ғасырлап ұлт азаттығы жолында “мың өліп, мың тірілген” қазақ ұлты енді бүгінде сол тарихи арманы – тәуелсіздікке қолы жеткен кезде кешегі бодан заманда аяқ асты болған, тапталған өзінің басты ұлттық рухани киесі – Тіл туын жерден іліп алып, төбесіне көтере алмауы ешқандай қисынға сыймайтын құбылысқа айналды. Бұл келеңсіздік қазақтардың ұлттық намысын шабақтайтын негізгі фактор екенін ашық айтатын мезгіл жетті. Тіл саласында санадағы отарсыздану үдерісі басталуы керек. Бұл – тарих талабы.
Асылы ОСМАН, “Мемлекеттік тіл” қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі:
— Қазақ тілінің мәртебесі мен меңгеру туралы әңгіменің айтылып келе жатқанына, қарап отырсаң, 20 жылдай болып қалыпты. Түк жоқ деуден аулақпын, бірақ көпшілік құлшына меңгеріп, мойындап, мәртебесін биіктетіп жатыр деп айта алмаймын.
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен ұштастыра отырып, жалғыз ғана Отаны бар қазақ тілінің – тұрған еліміздің тілін, мемлекеттік тілдің тұғырын биіктету, оны үйретуді жүйелі жолға қоя алмай келгеніміз көңіл көншітпейді. Тілді меңгеру үшін бұйрықтарды аудармашыға беріп қазақшалап, аптасына

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 597 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]