Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қазақстанның еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төраға болуы
06.03.2011, 16:22
Қазақстанның еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төраға болуы [13 бет]

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төраға болуы бәріміз үшін үлкен жеңіс. Бұл бүкіл Қазақстан халқының жетістігі, Президентіміздің сындарлы саясатының үлкен жеңісі деп бағалаймын. Өйткені, осы идея көтерілгелі бері Қазақстанда ЕҚЫҰ талаптарына сәйкес көптеген саяси, әлеуметтік тұрғыда өзгерістер болды. Яғни еліміз көптеген халықаралық ұйымдарға мүше ретінде мойнына алған міндеттемелерінің барлығын толығымен орындады.
Қазақстанда экономикалық өсіммен бірге ұлтаралық қатынастар институты дамытыла отырып, саяси реформалар жасауға қол жеткізілді. Соңғы жылдардың өзінде, құдайға шүкір, партиялардың қатары 13-ке жетті. Ол партиялардың барлығы да Қазақстан қоғамында өздерінің бағдарламаларына сәйкес халық арасында кеңінен жұмыс жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Енді партиялардың беделі, үлкен саяси белсенділігі олардың өз ішіндегі жұмысына байланысты.
Елбасы жетекшілік ететін “Нұр Отан” партиясының халық алдындағы беделі осы соңғы екі сайлаудың кезінде көрінді. Ол алғашқы жағдайда Президент сайлауында байқалса, соңғысында еліміздің жаңа Парламентінің құрамы осы партия мүшелерінен жасақталды. Соған қарамай, Қазақстанда пікірталас мүмкіндігі, плюрализм қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Елімізде 2500-ден астам бұқаралық ақпарат құралы болса, солардың 80 пайызынан астамы жеке адамдарға, партияларға, қоғамдық және өзге де ұйымдарға тиесілі. Радикалды және жай оппозициядамыз деген партиялардың да өздерінің басылымдары бар. Бұған интернетті қосыңыз. Сондықтан да Қазақстан халқы әлемде болып жатқан оқиғалардан, еліміз ішінде болып жатқан жағдайлардан отандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы толық мағлұмат ала алады.
Бұрынғы посткеңестік жүйедегі қоғамдардың менталитетін ЕҚЫҰ ескере бермейді. Өйткені, бұл ұйым Еуропадағы ескі ұйым ретінде ылғи бір мақсатты, бір көзқарастағы бағыт-бағдарлармен жүреді. Егер соңғы жылдардағы ЕҚЫҰ сайлау жөніндегі есептерін қарайтын болсақ, жылдан жылға ылғи бір текті, бір бағытты ескертпелерден арылмай келеді. Олай болса, бұл Ұйымның өзіне де қан жүгірту керек. Еліміз 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға жетекшілік еткенде осы жағына, басқа мемлекеттерге қоятын орынсыз талабы жағына көңіл аударуы керек.
ЕҚЫҰ-ға төраға болу мүмкіндігіне Қазақстан қалайша ие болды деген заңды сұрақ туындайды. Мен оны былайша айтар едім, соңғы кезде Конституцияға, сайлау заңнамасына қатысты енгізілген өзгерістер аталған халықаралық ұйым талаптарына сай жүзеге асты. Егер Парламент бір партиялық жүйеде болып жатса, ол ең алдымен Қазақстан халқының мүддесін қорғайды. Кез келген партия билікке келу үшін құрылатыны белгілі. Сондықтан “Нұр Отан” тек билеуші партия емес, ел алдында Үкімет пен Парламент бірігіп жауап беретін саяси құрылым да.
Конституциялық өзгерістер мен кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың барлығы дерлік билік арасындағы тежемелі-теңгермешілікті сақтауға мүмкіндік береді. Егер бұрын заң шығарушылық құқы тек Парламент пен Үкімет құзырында болса, енді Президенттің ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 266 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]