Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар
06.03.2011, 16:19
Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар [9 бет]

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізі макроэканомикалық тұрақтылық-инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
«Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-эканомика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады».
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым-қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің эканомикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдерімен «Интеграция» саясатынан «Үйлестіру» саясатына көшуді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз,ішкі потенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуде мүмкіндік беретін ауыл-шаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларды сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнер табыстары.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып,сыртқы эканомикалық саясатнақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады.
1. «ТМД» Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Орталық Азия мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен эканомикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі.
А) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар.
Б) дүние жүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі.
В) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету.
Г) Ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу.
2. «Азия-Тынық мұхиты аймағы» Пекин-Сеул-Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы техналогиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта-біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін қатыстыру рыногі ретінде үлкен мәні бар.
3. «Азия», Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық эканомиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Эканомикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.
4. «Еуропа» ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің эканомикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа эканомикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.
5. «Америка» Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.
6.Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы , Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаттық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.
«Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз».
Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 408 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]