Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері
06.03.2011, 15:57
Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері [23 бет]

Елбасымыз Н.А.Назарбаев туристік индустрия қызметін мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелетін, болашағы бар экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп қалыптастырып келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік – экономикалық әлеуметін дамыту мақсатында атқарылған істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Сәуір айындағы «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағытттары» атты кезекті Жолдауында Мемлекет басшымыз «Мәдени мұра» арнаулы бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бұл мәселенің маңыздылығын негіздеп өтті. Әрине халықтың әл – ауқатының артуы және рухани мен гармониялық дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктің маңыздығы бөлігін құрайтын, демалу қамтамасыздығымен байланысты қызметтердің маңыздысы сөзсіз.
Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған, «XXΙ ғасырдың көрінісі» атанып отырған туристік сервис индустриясы өзінің мемелекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік салаларымен теңесті. Ол әлемдік жалпылама өнімнен 10 пайыз үлесін ала, жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда.
Еліміздің туристік – рекреационды потенциалына негіздеоген шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтердің сан қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы, адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және қоғамның демалу мен көңіл көтеруге деген сұраным жан – жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарын жұмылдыру қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.
Қазақстан Республикасыеың статистика Агенттігіннің мәліметтері бойынша 2001 жылы туристік индустрия өз қызметінің 24,6% - ын сыртқа шығу туризіміне көрсеткен болса, сырттан кіру туризмнің үлесі тек 1,6% - ды құраған. Егер оның алдындағы жылы аталмыш көрсеткіш сәйкесінше 45,9% және 16,2% болғандығын ескерсек, сыртқа шығу туризмі 21,3% - ға және сырттан кіру туризмі 14,6% - ға төмендегенін байқаймыз. Ішкі туризм бойынша 2001 жылы 114053 адамға қызмет көрсетіліп, ор көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 35,9% - ға өскені айғақ. Бұдан отандастарымызда ел табиғатына, халық мұрасына деген қызығушылықтарының және демалу, жергілікті куроттар, т.б. жерлерде денсаулығын түзету мүдделерін арттыруын көре аламыз (1 - кесте).
Сервис инфрақұрылымының барлық түрлерін біріктіретін туристік қызмет индустриясы Қазақстан экономикасының салалық құрылымында өз орнын таба алмай келеді. Күрделі әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуде жол көрсете алатын жеке статусының болмауы оның қазіргі даму үрдісіне нақты сипаттама беруді қиындатып отыр. Дегенімен де, туристік қызмет индустриясына енетін құрылыиидық салалар қызметтерінің көрсеткіштерін бейнелеуге тырысалық (2 - кесте).
Кестеден көріп отырғанымыздай, туристік қызмет индустриясының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметтерінде біршама оңды өзгерістер байқалған. Оның негізгі буыны болып табылатын қонақ үй шаруашылығының табысы 2000 жылмен салыстырғанда 2001 жылы 24,5% - ға артып, 8912,9 млн.теңгені құрған. Ал туристік фирмалар мен агенттіктердің қызметтерінен түскен табысы 2001 жылы 1504,9 млн.теңге және 1044 мың АҚШ доллары деңгейін көрсетіп, сәйкесінше алғашқы ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 334 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]