Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық
06.03.2011, 16:16
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық [21 бет]

Этномәдениетті диахронды жөне синхронды талдау дәстүр мен жаңашылдықтың (инновациялық) арақатынасы мәселесін алдыңғы орынға шығарады. Мәдениет өзінің кең мағынасында әлемдегі адам болмысының тәсілін білдіреді және бұл болмыс ұрпақтар сабақтастығымен, шындықты игерудің әлеуметтік-мәдени тәжірибесін тасымалдаумен анықталады. «Тіл мен мәдениет, - деп жазады И.Гердер, - өзінің бастауын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден алады».
Дәстүр позициясы әсіресе алғашқы қауымдық мәдениетте мықты (сондықтан да ол кезенді дәстүрлі деп те атайды). Жазу болмаған жағдайында мәдени сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді. Американдық этнограф Маргарет Мид дәстүрлі мәдениеттің осы ерекшеліктеріне көңіл аударады және оны постфигуративті деп атайды. Бұл мәдениетте дәстүрлер басым-дылық маңызға ие болады, байланыс үлкеннен кішіге қарай жүріп, өткен шақ біржақты түрде болашақты айқындайды. Ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өткенімен барлық ескілік сақталады. «Менің әкелерім, ата-бабаларым не істесе, мен де соны істеймін», - деп жариялайды постфигуративті мәдениет өкілі.
Алайда, мәдениеттегі дәстүршілдік тоқырау мен алғашқы қауымдылық көрінісі емес. Этномәдениет түбірлерін дәл осы дәстүрлік кезеңнен іздеу қасиет, оның архетиптері осы тарихи кесіндіде қалыптасады.
Дүниетанымдық типтердің алмасуы барысында мәдениеттанымдық еңбектерде мифологиялық, дәстүрлік және жаңашылдық кезеңдер ерекшеленеді. А.Х.Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мынадай кезендерді бөліп алады: «1. Мифология. 2. Ренессанс (жаңғыру). 3.Ағартушылық».
Біздің ойымызша қазақтардың дәстүрлі мәдениеті түркі тайпаларының этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Этникалық үдерістердің жойқын күші Исламдық Ренессанстың біріктіруші шеңберін бұзып шықты. Бұл үдерісті әр түрлі бағалауға болады. Қалыптасушы этностар (қазақтар, қырғыздар, өзбектер және т.б.) тұрғысынан көшпелі орталық-азиялық империялардың құлауы жағымды оқиға болды. Бірақ, сонымен бір мезгілде көрші отырықшы империялар бас көтеріп, номадтарды жаулап алуға дайындалды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлі кезеңі түркі номадизмінің мәнін өз бойына неғүрлым толық сіңірген, өйткені ол XX ғасырдың басына дейін көшпелі мал шаруашылығын сақтап келді.
Мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең алдымен уақыттың белгілі бір социум өмір қамының негізі ретіндегі түсінігімен байланысты. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде уақыт адамнан бөлінбеген және «уақытты өткізу (немесе өлтіру)» ол үшін мүлдем жат
...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 730 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]