Антик философиясы - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Антик философиясы
06.03.2011, 16:14
Антик философиясы [4 бет]

Антик философиясы тарихындағы ерекше орынды софистер алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күналармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. V ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне обьективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғы шарттары мен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс береді. Олар аға ұрпақтың дәстүрлі құныдылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Оларды Сократпен қоса «грек ағартушылары» деп те атайды. Софистер дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені бұзып, оның орнына тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Бұл мәдениетті бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық кітабына кеңінен енгізуге жағдай жасады. Полюстің тар шеңберін кеңейтіп, панэлленистік бастаудың негізін қалады. «Адам бар нәрсенің өлшемі» деген Протогор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгия нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа әкелді. Сондықтан б.з.д. V ғасырдаҒЫ Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» (В.Иегер) айналды.
Софистер философиялық рефлексияны физис және космос мәселелерінен адам тақырыбына, оынң қоғам мүшесі ретіндегі өміріне бұрғаны дүниетанымдағы төңкеріс болып табылады. Софистиканың қарасытыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін, тәрбие немесе басқаша айтқанда барлық мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да софистер антик философиясындағы гуманистік кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.
Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды., сондықтан оны антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел отасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құныдылықтарды дәстүрлі жүйесінді төңкеріс жасалды. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты ( « Ізгілік – бұл білім» ). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығын да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсету төңкерісін теориялық тұрғыда өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеу, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдары ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 806 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]