АММИАК ЖӘНЕ АММОНИЙ ТҰЗДАРЫ - Қазақша рефераттар - Рефераты на казахском, рефераты на русском - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги


Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

АММИАК ЖӘНЕ АММОНИЙ ТҰЗДАРЫ
06.03.2011, 16:22
АММИАК ЖӘНЕ АММОНИЙ ТҰЗДАРЫ [13 бет]

Аммиак азоттың сутекті қосылысы. Аммиак өзіне тән өткір иісі бар, ауадан жеңіл, суда жақсы еритін газ. Қалыпты температурада судың бір көлемінде аммиактың 700 көлемі ериді. Аммиактың судағы ерітіндісі — аммоний гидроксиді немесе мүсәтір спирті деп аталады. Аммоний ионы бір валентті металдың рөлін атқарады. Аммоний гидроксиді қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді. Аммонийдің барлық дерлік тұздары суда жақсы ериді. Ерітінділері күшті диссоциацияланады. Аммоний тұздарына сілтілермен әсер еткенде аммиак бөлінеді, т. б.
Жұмыстың мақсаты. Аммиак пен аммоний тұздарын алу және олардың аса маңызды қасиеттерімен танысу, аммоний тұздарын басқа тұздардан ажырата білу.
Құрал-жабдықтар. Газометр, жуғыш шынылар, азот алатын құрал, аммиакты синтездейтін құрал, екі цилиндр, құрғақ пробиркалар, аммиакты ерітетін шыны ыдыс, аммиакты айыратын құрал, темір штатив, спирт шам, газ жанарғысы, әр түрлі түтіктер, шыны таяқшалар, сіріңке, ағаш жаңқасы, вазелин, шыны пластинкалар.
Реактивтер. Құрғақ кальций гидроксиді, аммоний хлориді, калий перманганаты, натрий гидроксиді, аммоний карбонаты, концентрациялы азот қышқылы, тұз қышқылы, 25%-тік аммиак ерітіндісі, аммоний хлоридінің канық ерітіндісі, т. б.
1 – тәжірибе. Аммиактың синтезі және айырылуы. Зертханада аммиакты синтездеу үшін азот пен сутегін катализатордың көмегімен қосу керек. Азотты зертханада алудың бірнеше тәсілі бар: соның бірі аммоний хлориді мен натрий нитритін қосу арқылы, екішпі жолы тең көлемдегі аммоний сульфаты мен калий дихроматын қосып қыздыру арқылы алу. Сутегін зертханада сутегі алатьш құралда сұйылтылған түз не күкірт қышқылын мырышпен әрекеттестіріп алуға болады. Азотты осы әдістердің бірімен газометрде жинау керек, ал сутегін тәжірибе уақытында алуға болады. Осыдан кейін аммиакты синтездейтін құралды құрастырыңдар. Азот пен ...

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Admin
Просмотров: 1995 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.1/17
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]