|
Всего материалов в каталоге: 350 Показано материалов: 321-330 |
Страницы: « 1 2 ... 31 32 33 34 35 » |

Фотосинтез (Фото... және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. |
Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы жалпы жағдайдың уақытша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азайуымен сипатталады. 150 -200 рад доза сәуле алған кезде дамиды. |
1.Өсімдік аурулары, олардың маңызы және жіктелуі. Ауру өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық, цитологиялық және физиологиялық өзгерістері. 2.Ауылшаруашылық өсімдіктері зиянкестерінің негізгі топтарына сипаттамасы. |
Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктердің зат алмасу, қоректену, тынысалу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады. Өсімдіктер жасушалардан тұрады. өсімдіктердің көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, фотозинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалары болады. |
Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір (карбон), пермь. Кембрий (организмдердің каңқа қалдығы алғаш табылған орынның аты). Ауа райы қоңыржай, топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Құрлықта тек бактериялармен көк-жасыл балдырлар тіршілік еткен. |
Пластикалық алмасу немесе анаболизм дегеніміз – биологиялық синтез реакцияларының жалпы жиынтығы. Пластикалық алмасуда жасушаға сырттан келіп түсетін заттардан жасушаішілік заттар түзіледі. |
Тірі жасушаның құрамында өлі табиғатта кездесетін көптеген органикалық қосылыстар болады. Ондай қосылыстарға: көмірсулар, липидтер, ақуыздар, нуклин қышқылдары және т. б. органикалық қосылыстар жатады. Органикалық қосылыстар дегеніміз – құрамына көміртегі немесе оның қосылыстары кіретіг, сондай-ақ ауада және оттегінде жана алатын заттар. |
Атыраудың табиғи жедеғабыл, жаны ашымай, болашақты ойлаңқырамай игерудің салдарынан табиғаттағы тепе-теңдікті және дамудың тұрақты ырғақтылығын үнемі сақтамау, бұларды ондаған жылдар бойы бұзу аймақтағы экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырады. Ұзақ жылдар жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардаптан сақтауға жете назар аудармай келгені мәлім. |
Кәдімгі жағдайда миокард жасушалары белсенді ырғақты күйде (қозу) болады, сондықтан олардың тыныштық потенциалы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Көптеген жасушаларда оның мәні шамамен 90 мВ-ті құрайды және ол К+иондарының мөлшерлік градиентімен анықталады. |
Жасыл өсімдіктер сыртында, вегетация кезінде эпифит микроорганизмдер тіршілік ететінін жоғарыда айтып өткенбіз. Олар негізінен топырақтан түседі де, өсімдіктер сыртынан қоректік заттар тауып, тіршілік етеді; жыл маусымына, ылғалдылыққа және өсімдіктердің түріне байланысты сандар мөлшері өзгеріп отырады. |
|
| |
|